Жаңалықтар

«Жағалауда» тәртіп нығаяды

 Конституция күні мерекесіне орай Есіл ауданына қарасты «Жағалау» ықшам ауданында полиция бөлімі ашылды.

Салтанатты шарада аталмыш ықшам аудан тұрғындарын Конс­титуция күні мерекесімен құттықтаған Есіл ауданының әкімі Төлеген Закарьянов жаңадан ашы­лып жатқан полиция бөлімінің қызметкерлеріне сәттілік тіледі.
Жаңадан ашылған №26 полиция бөлімі Айтматов көшесі, 29а мекенжайында орналасқан. Барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілген бөлімде әзірге бес тәртіп сақшысы қызмет етеді.
Учаскелік инспекторлар тұр­ғын үйлердің кіреберістеріне, дүкен, дәмхана, дәріханаларға ақпараттық стендтер орнатып, өздері жайлы және полиция бөліміне, тұрғындарды бөлімге қалай хабарласуға болатыны туралы ақпараттардан құлағдар етуде. Кезекші бөлімнің жұмыс кестесі – таңғы сағат 08:00-ден кешкі 23:00-ге дейін. Одан басқа уақытта инспекторларға WhatsApp арқылы хабарласуға болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button