Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Марал, елорда тұрғыны:
Құрметті редакция! Мен бес баланың анасымын. Балаларды мектепке дайындағанда кез келген дүкендегі киім-кешектерді, оқу заттарын сатып алуға мүмкіндігім болмайды. Балаларыма киімдер мен мектеп жабдықтарын қай жерден арзан бағамен алуға болатынын айтып бересіздер ме?

Оқырман сауалына қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарламасын ұсынамыз:
– «Мектепке жол» деп аталатын республикалық шараның шеңберінде жаңа оқу жылының алдында және 1-2 қыркүйекте елорда әкімшілігі ғимаратының алаңында мектеп формасы мен жабдықтарын арзан бағамен сататын жәрмеңке өткізіледі. Осы жәрмеңкеге мектеп формасы мен оқу жабдықтарын, шұлық-ұйық­тарды шығаратын отандық өнім өндірушілер қатысады. Олардың қатарында «ПИК» Astana Ютария ltd» ЖШС, «SensFashion» тауарлық белгісімен аты шыққан «Сокирко ЖК» (Петропавл), «Алтын Адам» (Шымкент) сияқты тігін фабрикалары, «DANMARD» ЖШС (тігін, шұлық өндіру, шеврон цехы, металл фурнитуралар) және басқалары бар. Толығырақ ақпаратты Астана қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан алуға болады. Ол үшін 113-бөлмеге келіңіздер немесе 55-74-03 телефон нөміріне хабарласыңыздар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button