Руханият

Келесі жылы Киркоров келе ме?

Астанада екінші жыл қатарынан «Astana Dausy-2018» халықаралық музыкалық фестивалі өтті. Бұл жолы елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған шараға келген Азия, Еуропа және Американың 12 мемлекетінің әншілері өздерінің хиттерін орындады. Соның ішінде Ninety One тобы, Ерке Есмахан, Григорий Лепс, Loreen, ALEKSEEV, Ани Лорак, Филипп Киркоров, Согдиана, Сосо Павлиашвили, т.б. болды. Кешті Ләйлә Сұлтанқызы және Андрей Разыграев жүргізді. Барша қатысушыларға арнайы мүсінше тапсырылды.

Муз-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров фестивальге екінші жыл қатарынан қатысты. Филипп Киркоров биыл біраз сөз тудырған «Көңіл күйімнің түсі – көк» атты әнін шырқап, фестиваль өзіне қатты ұнағанын жеткізді.
«Ең соңғы музыкалық шоуымды өткен жылы 50 жасқа толғанда өткіздім. Бұл бағдарламамен келесі жылы Қазақстанға келуді армандап жүрмін. Бұл арманымды орындауға уәде беремін» деді Ресей әншісі.

Өзбек әншісі Согдиананың пікірінше, «Astana Dausy» халықтардың дос­тық фестиваліне айналды. «Концерттік кестемізге бұл фестиваль баяғыда еніп, біз оған ұзақ дайындалдық. Бірақ марапатталатынымды білмедім, бұл маған тосынсый болды. Астанадағы тамаша концертке қатысып, жай ғана ән салып кетем деп ойлағанмын. Осы фестивальдің жарқын болашағы барына сенімдімін» деді ол.
Украина әншісі ALEKSEEV осындай шараларда әншілер үлкен тәжірибе жинайтынын, бұл тәжірибе «Евровидение» секілді байқауларға қатысқанда көмектесетінін айта кетті.
Швед әншісі Loreen Астанаға үшінші рет келгенін, келген сайын халықтың қонақжайлығына тәнті болатынын, осы елде өзіндік стиль қалыптасқанын жеткізді.


Осы фестивальге екінші рет қатыс­қан Григо­рий Лепс бұл жолғы шара ­алғашқысынан ау­­қымдырақ болғанын айт­ты. Майкл Джексонның стилінде ән салатын АҚШ әншісі Брендон Ховард қазіргі қазақ музыкасынан таусылмас әсер алғанын жеткізіп, Ninety One тобымен дуэт құруға ниет танытты. Жалпы, фес­тивальде шетелдік біраз әнші үшін осы топ жаңалық болды. Арман Дәулетияров та оларды талант ретінде сөзсіз мойындағанын айтып, орыс тілінде бір ән жазуды ұсынды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button