Ел тынысы

Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

17-21 сәуір аралығында Астанада «Eurasian Book Fair» Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Eurasian Book Fair» – еуразиялық кеңістіктегі ірі мәдени-ағартушылық іс-шара, ол бір үлкен зияткерлік платформада Еуропа мен Азия елдерінің баспа, кітап сату, ғылыми-білім беру және полиграфиялық компанияларын біріктіреді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы болып саналады.

«Eurasian Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

– Еуразия кеңістігі мемлекеттерінің мәдениетін, әдебиетін және кітап шығарудың түрлі салаларын дамыту саласындағы жетістіктерін көрсету;

– халықаралық мәдени, іскерлік байланыстарды нығайту және рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығын дамыту;

– кітапты насихаттау, оқуды қолдау, дамыту және насихаттау, оқырман мәдениетін қалыптастыру;

– әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің үздік заманауи ассортиментін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну.

Көрме-жәрмеңке 17-21 сәуір аралығында Гейдар Әлиев көшесі, 12, Конгресс орталығында өтеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button