Sport

Инфантино: Аламанды асыға күтіп жүрмін

Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантино өзінің әлем чемпионаты басталар шақты асыға күтіп жүргенін айтты.

«Әлемдік деңгейдегі осынау керемет спектакльді: жоғары деңгейдегі футбол матчтары мен трибуналарда гуілдеп отырған жанкүйерлерді көретін сәтті тағатсыздана күтіп жүрмін» деді ол бұдан бірнеше күн алдын.
Инфантино өзінің бұл ойларын FIFA.com ақпарат айдынына берген сұхбатында мәлім етті.
«Чемпионаттың ғаламаттығы сонда, ол қашанда тосын жаңалықтар мен өрлеулерге толы болады, солай емес пе? – деді президент. – Әрине, бәсекенің мәресіне дейін әдетте жұрт мойындаған алыптар ғана бара алады, бірақ соған дейін бізді әлдеқандай бір команда немесе оншалықты танымал емес ойыншы таңғалдырып үлгереді. Мен, әсіресе, финалдық турнирге бірінші рет келіп отырған құрамаларға көбірек назар аударғым келеді».

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button