Денсаулық

Инсульттен кейінгі көмек қандай?

Елордада №1 көпбейінді қалалық ауруханадағы Инсульт орталығы инсульттен кейінгі ағза қызметін қалпына келтіру және қайталама инсульттің алдын алу мақсатында медициналық көмек көрсетіп келеді. Былтыр аталған орталықта 1000-ға жуық науқасқа медициналық көмек берілген.

Қазір инсульт – халық арасындағы өлім-жітімнің екінші себебі. Одан бөлек, бұл дерт – мүгедектікке әкелетін аурулар арасында бірінші орында. Инсультке шалдығатын адамдардың шамамен 80%-ы мүмкіндігі шектеулі болады, олардың шамамен 25%-ы өмірінің соңына дейін тұрақты күтімді қажет етеді. Инсульттен кейін­гі оңалту медицинада кең таралған. Бұл салада жұмыс істейтін дәрігерлердің басым бөлігінің осы мамандықты таңдауына ең ауыр аурулар, ми мен жұлыннан берілетін түрлі ауруларды анықтау, емдеу, науқастарды бақылау себеп болған. Медициналық оңалту орталығында тиімді емдеу үшін қажетті заманауи жабдықтар жеткілікті. Мұнда кәсіби физиотерапевтер, реабилитологтар, акупунктурист, хиропрактор, кәсіптік терапевт, логопед, білікті медбикелер өз қызметтерін ұсынады. Медициналық оңалту және қалпына келтіру орталығы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тұрғындарға тегін, сондай-ақ ақылы негізде қызмет көрсетеді. 2012 жылдың 1 қарашасынан бастап ашылған инсульт орталығында ең жас дәрігер 4 айдан астам жұмыс істесе, сонымен қатар 11 жылдан астам еңбек атқарып келе жатқан дәрігерлер бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button