Шартарап

Палестинада жағдай ушықты

Израиль полициясы Құддыстағы әл-Ақса мешітінде таң намазына жиналған жамағатқа шабуыл жасады.

Палестинадағы «Қызыл крест» ұйымының хабарлауынша, 7 адам жарақат алған. Зардап шеккендер арасында әйелдер де бар. Сондай-ақ еврей полиция­сы дәрігерлердің жаралы адамдарға дер кезінде көмек көрсетуіне кедергі жасаған. Израиль билігі мешітте жасырынған бүлікшілерді ұстау үшін ішке еріксіз кіргенін айтып ақталды. Бір тәртіп сақшысы аяғынан жарақат алған. Осыдан кейін Израиль мен Газа аймағы түні бойы өзара соққы жасады. Газа аймағынан Израильге зымырандар жіберілсе, Израиль қарымта жауап ретінде ұшақтармен соққы берді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button