Шартарап

Трамп соттала ма?

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп өзіне тағылған қылмыстық айыптарды мойындамады. Айыптардың бірі ретінде – әйгілі порножұлдызға 2016 жылы президенттік сайлауға түсерде ауызбастырық ретінде 130 мың доллар пара бергені де айтылады. Құқық қорғау саласындағы сарапшылардың пікірінше, бұл іс Трамптың 2024 жылы президенттікке түсуіне кедергі бола алмайды. 

Сот отырысы сейсенбіде сағат 14:15-ке белгіленген еді. Алдымен, кәдімгі күдікті ретінде Трамптан саусақ табын алған, бірақ фотосурет түсіруге рұқсат етілмеді. Нью-Йорк штаты Жоғарғы Сотының судьясы Хуан Мерчан БАҚ-ның процесті түсіру туралы өтініштерін қабылдамады. Сол маңға АҚШ-тың бұрынғы президентін қолдайтын топ «Трамп жеңеді, Американы сақтайық» деген ұрандар жазып, көшеге шықты.

Дональд Трамп әлеуметтік желідегі жазбасында Манхэттеннің қылмыстық соты «істі қарау үшін өте әділетсіз орын» деп мәлімдеді және сот  отырысын  республикашы­ларға үнемі дауыс беретін Статен-Айлендте өткізуге шақырды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button