Жаңалықтар

Интерактивті карта іске қосылды

Нұр-Сұлтан қаласында «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы іске қосылды.

Интерактивті карта қалалық ортаны жақсарту, сондай-ақ бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау, шағымдар, пікірлер жинау және ақпаратты талдау үшін жалпыға қолжетімді жаңа сервис болмақ. «Егер жолдарда жөндеу жұмыс­тары жүргізіліп жатса, немесе керісінше, жол қанағаттанғысыз жағдайда және жөндеу жұмыстары ұзақ уақыт жүргізілмесе, азаматтар интерактивті карта сайтына кіре алады (www.publicbudget.kz). Қала картасынан нысанды тауып, тиісті пікір қалдыруы қажет. Хабарламаларды жедел шаралар қабылданатын жоба қызметкерлері қадағалайды. Осылайша біз Азаматтық бақылау институтын күшейтіп, елорда тұрғындарының қалалық процестерге тартылу көрсеткішін арттырғымыз келеді» дейді жаңа сервистің жұмысы жөнінде қала әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек. Картада жолдарды жөндеу және салу жөніндегі деректер ғана емес, мектептер, емханалар сияқты барлық әлеуметтік нысандарға бөлінген бюджеттік қаражат жөнінде мәліметтер көрсетілетін болады. Елорда тұрғындары қандай да бір объектінің қызметіне қатысты кез келген сипаттағы өтінішті қалдыра алады. Мәселен, мектептерде іріктеуге қатысты сауалдар, емханада медициналық қызмет көрсетудің сапасы немесе мемлекеттік органға шағым болуы мүмкін. Сонымен қатар сервис көмегімен елорда тұрғындары қалалық ортаны жақсарту бойынша шағымдар мен ұсыныстарды да қалдыра алады. Ол үшін www.publicbudget.kz сайтына қарап жүріңіз.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button