Руханият

Тіл шебері

Елордада жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері-2019» атты байқау өтті. Бұл шараны қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды.

Байқауға қатысуға 21 мен 30 аралығындағы жастардан 27 қыз­меткерден өтініш түсіп, ірік­теуден 18 жас өтті. Конкурс үш кезеңнен тұрды. Үміткерлер бірінші кезеңде ұлттық киіммен сахнаға шығып, қазақ тілінде өзін таныстырса, екінші бөлімде ағылшынша өнер көрсетті. Үшінші «Ұлттаным» аталымында орысша қойылған сұрақтарға жауап берді. Жалпы, бұл шараның мақсаты жастардың бірнеше тілді еркін меңгеруін дәріптейді.
Сонымен, байқаудың қорытындысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру депар­таментінің қызметкері Гүлжан Серік 1-орынды жеңіп алды. 2-орынды қаладағы №55 орта мек­­тептің мұғалімі Мөлдір Жақсылық иеленді. 3-орынды «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының маманы Перизат Үсенбаева мен №54 мектептің ұстазы Бексұлтан Басықара бөлісті. Жеңімпаз атанған қызметкер рес­публикалық байқауға жолдама алды. Жүлдегерлердің бәрі бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button