Қала мен СалаҚала тіршілігі

IT-жобаға қызығушылық жоғары

Елордадағы «Smart Сity Nur-Sultan» өңіраралық форумында таныстырылған «Нұр-Сұлтан қаласының цифрлық «сыңары» жобасы халықаралық танымалдылыққа ие бола бастады. Осы аптада Татарстандағы Иннополис жоғары технологиялар қаласында қала шаруашылығындағы үздік әлемдік тәжірибелер бойынша өткен онлайн-митапта «Нұр-Сұлтан қаласының цифрлық «сыңары» жобасы туралы айтылды.

[smartslider3 slider=757]

«Ресей Федерациясының цифр­лық экономикасы» бағдарламасы мен «Цифрлық экономикаға арналған кадрлар» федералды жобасы аясында Иннополис университетінің бастамасымен ұйымдастырылған шараға сарапшы ретінде Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы ­Ботагөз Қасабек қатысты.

Елорданың онлайн-геопорталын қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба аясында қала аумағы толықтай цифрлық жүйеге көшіп, 2D форматтағы карта жасалды. 16 мың шақырымдық инженерлік жүйе цифр­ландырылды. Шаһардағы 140 мыңнан астам кәріз құдығы онлайн-бақылауға алынды. Жобаны іске асыру кезеңінде 100-ден астам жаңа жұмыс орны құрылған.

Қала шаруашылығын ұйым­дастырудағы сәтті IT-шешім аз ғана уақыттың ішінде отандық және шетелдік мамандардың назарын аударды. Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы аталған жобаны өзге қалаларда іске асыру бойынша ұсыныстар түсіп, тараптар арасында келіссөздер де жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button