Қала мен СалаҚала тіршілігі

Бірлесе жұмыс жүргізеді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы мен Astana IT University ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум indoor 5G желісін өріс­тету бойынша тәжірибе алмасуды мақсат етеді.

[smartslider3 slider=756]

Келісім аясында университет пен салалық басқарма Smart City технологияларын бірлесіп әзірлеп, оны қолданысқа енгізу бағытында бірлесе жұмыс жүргізеді. Astana IT University қалалық инфрақұрылым үшін зияткерлік ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерді әзірлеу, көлік, экология, энергетика және Smart City концептінде деректерді талдау жобаларын іске асыру бойынша жауапкершілік алады.

Сонымен қатар меморандум телекоммуникация (5G технологиясы) бағытында жоғары білікті мамандарды даярлауға негізделген. Нұр-Сұлтан қаласында цифрландыру жұмыстарының қарқынды жүргізілуі IT-мамандарға деген сұранысты арттырды.

– Қазірдің өзінде басқарма мен AITU тығыз байланыста. Университет базасында IT-кеңестің кездесулері тұрақты өткізіліп тұрады. Онда білікті мамандар мен IT компания өкілдерінің қатысуымен қала тіршілігін қамтамасыз етудегі үздік цифрлық шешімдер қа­растырылады. Осы орайда әріптестік туралы меморандумды IT саласын дамытудың жаңа бастамасы деп тануға болады, – деді елордалық Цифрландыру басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында сапалы білім беру мен цифр­ландыру жобаларын қолға алуды еліміздің стратегиялық дамуының негізгі бағыты деп атап өтті. Сондықтан бүгінде отандық IT саланы дамытуға айрықша назар аударылып отыр. Сала жауапты мекеме мен кадр даярлаушы оқу орны арасындағы инновациялар мен IT саласындағы жобаларды іске асыру бойынша жасалған келісім – соның айғағы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button