Қала мен СалаҚала тіршілігі

Субұрқақ сәнін келтіреді

Қаламыздағы орталық әмбебап дүкеннің алдында ерекше субұрқақ орнатылады. «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» шебер-жоспары аясында салынып жатқан субұрқақ кешенінің іргетасы құйылған.

[smartslider3 slider=758]

– Тоннельді-аркалы субұрқақтың ең бас­ты ерекшелігі мұнда келушілерге субұрқақтың астымен жүруге жағдай жасалған. Сонымен бірге шар пішіндес арт-нысан салынады. Оның ішінде орналасқан арнайы құрылғы судан тұманды бұлт эффектісін жасайды, – деді қалалық Урбанистика орталығының жетекшісі Елнар Базыкен.

Сондай-ақ Sine Tempore ғимаратының алдындағы алаңға арнайы тас төсемдер төселіп жатыр. Бұл төсемдер аталған аумақтағы ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың емін-еркін қозғалуына лайықты жағдай жасамақ.

Бұдан бөлек, алаңның орталық бөлігінде түрлі іс-шаралар өткізуге арналған амфитеатр орнатылады. Осындағы жалпы көлемі 1241 шаршы метр аумақта шырша, емен сынды көпжылдық ағаштар отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button