Басты ақпаратЕлорда тынысы

Көптен күткен қоныстой

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні 300-ден астам «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің үлескерлеріне көптен күткен баспанасының кілті табысталды. 

«Royal Expo» тұрғын үй кешенінің тұрғындары бірнеше жыл бұрын қоныстануы керек еді. Алайда ұзаққа созылуына байланысты үлес­керлерге біраз күтуге тура келді. Осыған дейін әкімдік белсенді қатысуымен 150 көпқабатты тұрғын үй кешенінің 120-сының құрылысы аяқталған болатын. Осылайша мыңдаған отбасы көптен күткен пәтеріне қоныстанды.

«Біз өз тарапымыздан өзге де үлескерлердің тезірек баспаналы болу мәселесін шешуді жалғастырамыз. Ал қалған 15 нысан бойынша (30-дан астам тұрғын үй кешені) сапасына ерекше назар аударуды әрі құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырдым. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында» деп жазды Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button