ЖаңалықтарҚала тіршілігі

«Көктал-1» тұрғындарымен кездесті

Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен «Көктал-1» тұрғын алабы халқымен кездесті. Жиынға Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатында осы аумаққа бекітілген депутат Талғат ­Қожахметов қатысты. Аудан басшысы осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар жайлы баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.  Тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

[smartslider3 slider=550]

Осы жылы «Көктал-1» тұрғын алабында бірқатар мәселелер шешіліп, жоспарлар жүзеге асты. Атап айтқанда, екі қоғамдық кеңістік салынып, 14 көшеге асфальт төселді. А.Кенжин көшесінде тротуар жасалды. Ә.Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей алдындағы жаяу жүргіншілер өткелінде  автокөліктердің тұрағына және ауыр жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салу белгісі қойылды. Тұрғын алаптың аумағына 182 ағаш отырғызылды. 8 көшеге жарық тартылды.
Қазір «Көктал-1» тұрғын алабына газ толықтай келіп тұр. 916 тұрғын техникалық шарттарды алса, нақты 306 тұрғын үй газға қосылды. Газға қосылу жұмыстары қырқынды жүргізілуде.
Сондай-ақ тұрғын алапта 3 ауланы абаттандыру және 3 жылы аялдаманы орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар «Көкталға» қатынайтын қоғамдық көліктерді көбейту, қызмет көрсету сапасын көтеру, жылы аялдамаларды орналас­тыру, басқа да маңызды мәселелер бойынша «Жол картасы» бекітіліп, жұмыстар жасалуда.
«Көктал-1» тұрғын алабында «Нұр-бесік» шағын ауданы және ағаш егу учаскесінің (ЛПУ) бір бөлігі орналасқан. Мұнда 1300-ден астам адам тұрады. Тұрғын алаптарды дамытудың кешенді жоспарының аясында бұл аумақтағы күрделі мәселелердің шешілуі қарастырылған.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button