Қала тіршілігі

«НҰР-БЕСІК» толық газға қосылады

Нұр-Сұлтан қаласы Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында «Нұр-бесік» шағын ауданын сумен және электрқуатымен жабдықтау, тұрмыстық және нөсер кәріздерін, телефон желілерін, жолдарды салу, көшелерді жарықтандыру жоспарланған.

[smartslider3 slider=551]

Қазіргі таңда нөсер кәрізі құрылысы 100%, сумен жабдықтау 75%-ға, су бұру 80%-ға аяқталды. «Нұр-бесікте» 4 трансформаторлық қосалқы станция (ТП) орнатылады. Қазірге дейін 1 трансформатор орнатылды. Қалғаны дайындалу үстінде. Қараша айының соңына дейін барлық трансформаторлар орнатылып, тұрғындар тұрақты және үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
Жоспарға сәйкес инженерлік жұмыстар аяқталғаннан кейін келесі жылы барлық көшелер асфальтталады. Биыл инженерлік желілерді тарту кезінде қазу жұмыстары жүргізілген көшелерге уақытша арнайы жабын төселеді.
Шағын ауданға газ тарту жұмыс­тары аяқталды. Қазіргі таңда 31 үй газға қосылса, 62 үйде монтаждық жұмыстар жүргізілуде.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button