Қала тіршілігі

«Агроқалашықтықтар» алғысы

Есет Байкеннің Сары­арқа ауданы әкімі қыз­метіне тағайындалғанына бір жыл болды. «Агроқалашық» тұрғын алабы тұрғындары аудан бас­шысының осы аралықтағы жұмысына риза­шылық білдіріп, алғыс хат жіберді.

[smartslider3 slider=552]

«Сіз «Агроқалашықты» алғаш аралағанда барлық проблемаларды өз көзіңізбен көріп, әкімдік қызметкерлерімен бірге оларды шешуге білек сыбана кірістіңіз. Керек кезде жылы сөзбен демеп, тұрғын алап гүлденіп, тұрғындарға жайлы жағдай жасалатынына сендірдіңіз.
Осы бір жыл ішінде аз жұмыс атқарылмады. 10 көшеге асфальт төселіп, 6 жылы аялдама, 4 бағдаршам орнатылды. 4 аула абаттандырылып, Оқжетпес-Герцен көшелері қиылысында шағын бақ салынды. 15 көшеге нөсер кәрізі жүйесі жүргізілді. Жылдап тұралап тұрған жұмыстар да орнынан қозғалды.
Сонымен қатар Сарыарқа ауданы әкімдігінің инспекторы Ержан
Жұмағұловқа рақмет айтқымыз
келеді. Ол да бір жыл бұрын осы қызметке келді. Ол «Агроқалашық» тұрғындарымен тәулігіне 24 сағат, аптаның 7 күнінде де байланыста болды десек болады. Бұдан бұрын ешбір инспектор осылай белсенді жұмыс істеген жоқ» делінген хатта.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button