Шаһар шежіресі

Көпір қалай өзгерді?

Қазіргі «Серуен» көпірінің құрылысы 1920 жылдары қалалық кеңес шешімімен салына бастаған. Алайда көктемгі тасқын басталып кетіп, көпір салу тоқтатылады. 1930 жылы 29 наурызда Ақмола қалалық кеңесі президиумының кезекті жиналысында Есілдің екі жағасында көпірдің болмауы мәселесі көтеріледі. Соған орай ағаш көпір орнатылады.

[smartslider3 slider=2299]

1958 жылы қаңтар айында Комсомол көшесінен Теміржолшылар паркіне көпірге өтетін жолды жобалауға тапсырыс беріледі. Өзен ағысымен қиыр­шық тастардан кішігірім бөгеттер қойылады. Сөйтіп қала тұрғындары қысқы және жаз кездерінде түрлі спорт жарыстарын өткізуге, қайықта серуендеу, мұз айдыны, т. б. өткізуге мүмкіндік алады. Дегенмен жыл сайын көктемде су тасуы кезінде бөгеттер бұзылады.

[smartslider3 slider=2301]

1959 жылы 9 шілдеде Ақмола қаласында Есіл өзені арқылы күрделі жүргіншілер көпірінің жобасын салуға архитектуралық тапсырма беріледі. Осылайша күрделі жаяу жүргіншілер көпірін салу шаралары жүргізіле бастайды. Көпір құрылысы 1963 жылы 30 қазанда басталған. Есілдің оң жағалауы тегістеліп, темірбетон тастармен қапталады.

[smartslider3 slider=2302]

Жаяу жүргіншілер көпірінің ұзындығы – 180,6 метр, ені – 6 метр. 1968-1972 жылдары Есіл өзенінің түбін тереңдету және ағынын кеңейту жұмыстарын жүргізу кезінде баяғы Колчак әскерінің суға батырған қару-­жарақтары табылған екен. Қайта жаңғырған байырғы көпірге 2009 жылдан бастап «Серуен» атауы беріледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button