Қала тіршілігі

Көше саудасына – 1000 орын

«1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы бір жарым мыңнан астам тұрғындарды жұмыспен қамтыған. 2016 жылдан бері қолға алынған жоба бойынша бүгінде қаладағы 630 орын жеке кәсіпкерлерге жалға берілді.

Бір жыл ішінде бағдарламаны жүзеге асыруға 1200-ден аса кәсіпкер қатысып, 1500-ге жуық жұмыс орны құрылған. Бұл бірнеше ірі зауытты іске қосқанмен бірдей екенін айтады мамандар.
Жер учаскесі конкурс арқылы бөлінеді. Ұсынылған орындардың 231-і жеміс-жидекке, 205-і фаст-фудқа, 75-і тағамға, 50-і гүлге, 30-ы мобильді техникалық сервиске, 11-і газет дүңгіршегіне, екеуі тұрмыстық қызмет сервисіне, екеуі балалар серуеніне, тағы екеуі кәдесый өнімдеріне берілген.
Аталмыш жоба шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, көп жағ­дайда отбасылық бизнесті ұйым­дастырудың себепкері болып, жұмыссыздарды өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз етуге бейімдеуде. Осы жобаның арқасында қала қазынасына 1,1 млрд теңге инвестиция құйылған.
Бұдан бөлек, қоғамдық аукцион өткізу үдерістерін іске асыру шеңберінде блокчейн жүйесі бойынша аукцион өткізу үшін электронды платформа жасаудың жұмыстары қолға алынуда. Сонымен қатар, қазіргі таңда QR-код пен әзірлеу бойынша да жұмыстар жүргізілуде.
Айта кету керек, конкурсқа қатысу және өтініш беру жөнінде «Astana» әлеуметтік корпорациясының 8 (7172) 61-35-54 байланыс нөміріне хабарласуға болады. Өтініштер тек шағын және орта кәсіп иелерінен қабылданады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button