Саясат

Елді елең еткізген

ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖАҢА ЖҮЙЕ ЕНГІЗІЛЕДІ

Токио-2020 ұйымдастыру комитеті Олимпиада және Паралимпиада ойындарында спортшылар мен лауазымды тұлғалардың, БАҚ өкілдері мен өзге де қызметкерлердің бет-жүзін тану жүйесін қолданады.

Мұндай технологияларды енгізгелі отырған Токионың тарихта инновациялық ойындарды өткізген алғашқы ел болуға тырысқанын байқатады. Токио-2020 басты серіктесі саналатын NEC корпорациясы бет-әлпетті тану жүйесін ұсынады. Аккредитациядан өткен әрбір адамның фотолары алдын ала жиналып, базада сақталады. Олар аккредитация нүктелерінде жеке тұлғаны тану үшін қажет болмақ. Бұл жүйе ойындардың қауіпсіздігін одан әрі арттыра түседі. Өзгенің аккредитациясын қолданып, спорт нысандарына кіруге мүлде болмайды. Тексеру автоматты түрде жүргізіледі.

АПТАП ЫСТЫҚТАН ПОЙЫЗДАР ТОҚТАТЫЛДЫ

Швецияның оңтүстігінде күннің қатты ысып кету салдарынан 12 пойыздың қозғалысы шектелді.

Теміржолшылар пойыз жолдары аптап ыстыққа шыдамай, зақымдануы мүмкін деп қауіптенеді. Бұл жаз маусымында мұндай шешім екінші мәр­те қабылданып тұр. Шіл­денің соңында бір­неше бағыт бойынша қозғалыс тоқтаған еді. Осы күндері елдің оңтүстігінде ауа температурасы 30-34 градусқа жетеді деп болжануда. Өңірде ыстық әрі құрғақ ауа райы мамыр айы­нан бері сақталып тұр. Синоптиктер шілдені Швециядағы соңғы бірнеше онжылдықтардың ішіндегі ең ыстық ай деп атаса, Стокгольмде мұндай ауа райы 262 жылдан бері болмаған.

ФРАНЦИЯНЫҢ ОҢТҮСТІГІ НӨСЕРДІҢ АСТЫНДА ҚАЛДЫ

Франция оңтүстігінің үш департаментінен қатты жауын-шашынның салдарынан 1600-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Құтқару жұмыстары Дром, Ардеш және Гар департаменттерінде жүрді. Бұған 400-ден аса өрт сөндіруші мен жандарм жұмылдырылды. Сондай-ақ 4 тікұшақ аймақты әуеден бақылауға алды.
Қауіпсіз аймаққа кө­шірілгендердің ішінде Сен-Жюльен-де-Пейроланың жазғы лагері­нен 119 бала бар. Бұлар Германиядан келген балалар екен. Ал олар­дың жетекшісі 70 жас­тағы Германия азаматы із-түссіз жоғалып кеткен. Бейсенбі күні Францияның шығысындағы және оңтүстік-шығысын­дағы 26 департаментте төнген қауіптің сары деңгейі жарияланды.

Дереккөзі: kazinform, ria.ru

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button