Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Айдана ЖОМАРТҚЫЗЫ, газет оқырманы:
– Еліміздегі бірнеше БАҚ беттерінде Астанада мектеп мұғалімдеріне жатақхана берілетіні туралы хабар тарады. Бұл ақпарат қаншалықты рас?

Оқырман сұрағына Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің мәлім­демесін ұсынамыз:
– Қазіргі уақытта бір жатақxананың құрылысы аяқталайын деп қалды. Ол 188-көшенің бойында (Сейфуллин көшесінің басында) орналасқан. Әкімдік бұл жерге біліктілігі жоғары әрі тәжірибесі бар мұғалімдерді орналастыруды жоспарлап отыр.
Астанаға жыл сайын өңірлерден 400-500 мұғалім келеді. Олардың бәрі отбасылы жандар. Әрине, бәрін жатақxанамен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сол себепті қазір тек үздіктерге ғана жатақxана береміз. Мәселен, университет түлегі болса, оның жетістіктері мен тағылымдамасы ескеріледі. Әлбетте, еңбек өтілі бар мамандарға да баса назар аударылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button