Жаңалықтар

Күрделі мәселелер келісіп шешіледі

Елорда әкімі Алтай Көлгінов үш ай ішінде 445 адамды қабылдады. Негізгі сұрақтар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жұмысқа орналасу, балаларды білім беру мекемелеріне айқындау, білім алу және басқа да мәселелерге қатысты болды.

Әкімнің азаматтарды жеке қабылдауы барысында әйелдер мессенджерде бірнеше чаттарда тұратынын атап өтті. Чаттағы админ тұрғын үйге кезекте тұру туралы жалған ақпарат таратқан. «Чатта егер біз алаңға шықпасақ, бізді топтан шығаратындарын және де бұдан былай еш тұрғын үй бағдарламасына қатыса алмайтындығымыз туралы айтылды. Кезекке сәйкес пәтер берілмейтіндігі туралы да айтылды. Сол күні балам ауырып, алаңға шықпадым. Алаңға шықпағаныма қуанамын. Олар бізді пайдалана отырып, өз мәселелерін заңсыз жолмен шешкісі келді. Содан кейін админ чаттан шығып кетті. Қазір мессенджерлерде таратылатын ақпаратқа сенбейміз, барлық ақпаратты дұрыстап тексереміз. Өйткені ешкім кезектен тыс баспана ала алмайды» деп, қала тұрғыны жалған ақпараттың таралуы туралы түсінік берді.
Қала әкімі осы кездесулерде ерекше мұқтаждылығы бар балалардың ата-аналарының да мәселелеріне ден қойды. Онда оңалту орталықтарынан ем алу мен инватакси жетіспеушілігі бойынша мәселелер көтерілді. Осы ретте әкім алдағы уақытта екі бірдей оңалту орталығы салынатын және қалалық ипподром аумағында иппотерапия орталығы бой көтеретінін айтты. Сонымен бірге инватаксилердің санын көбейтіп, ерекше қажеттілігі бар балаларды арнаулы балабақшаларға орналастыру арқылы көп мәселенің шешілетінін жеткізді.
– Жақында Президенттің тапсырмасына сәйкес «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығын аштық. Сол орталықта сұрақтарыңыздың бәріне жауап табасыздар. Біз де сол жерде тұрақты қабылдаулар өткіземіз, – деді А.Көлгінов кездесу соңында.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button