Құқық

Мас жүргізушілер құрықталды

Нұр-Сұлтан қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы барысында елорда жолдарында жол-көлік оқиғаларын анықтау және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу мақсатында рейд өткізілді.

[smartslider3 slider=2211]

Күмәнді көлік жүргізушілердің мас күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу үшін наркология орталығына 29 жүргізуші жеткізілген. Олардың бірі бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған болып шықты.  Куәландыру нәтижесіне сәйкес жеткізілгендердің барлығы масаң күйде болған. Тәртіп бұзушылардың автокөліктері коммуналдық тұраққа қойылды.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің кезекті рейді кезінде тәртіп сақшылары сағат таңғы 06.00-де Қабанбай батыр даңғылы бойында «Тойота Камри» көлігін тоқтатқан. Көлік тізгініндегі Теміртау қаласының 26 жастағы тұрғынынан алкогольдің өткір иісі шыққан. Жүргізуші медициналық куәландыруға жеткізілді, дәрігердің қорытындысына сәйкес ол орташа ауыр мас халінде болған.

Мас жүргізушілерге қатыс­ты ҚР ӘҚБК 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мұның жазасы 15 тәулікке қамаққа алудан бастап 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға дейін әкеп соғады.

Елордалық полиция қызметкерлері осындай сипаттағы шараларды өткізу уақытында мас күйде көлік айдауға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және оларды болдырмауға ерекше назар аударады. Қабылданған шараларға қарамастан кейбір азаматтар алкоголь пайдаланып, рөлге отырудан тайынар емес. Осылайша олар өз өмірлеріне, сондай-ақ жол қозғалысының өзге де қатысушыларының өміріне қауіп төндіруді жалғастырып келеді.

Аталған шарамен қоса қалалық полиция қызметкерлері автопарк пен қоғамдық көліктердің техникалық күйін тексеріп жатыр. Ақпан айының 21 жұлдызынан 2 наурызға дейін жалғасатын «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы бастау алмақ.

Шара барысында Көліктік бақылау инспекциясының, көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының аумақтық бөлімшелерімен, сондай-ақ қоғамдық бақылау өкілдерімен тізе қосып, қалалық және мектеп автобустарының жолға шығар алдында олардың техникалық жай-күйін тексеру бойынша әрекеттер жүргізілетін болады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button