Елорда тынысы

Медиасауаттылықтың маңызы

Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен «Elorda Aqparat» медиахолдингі «Мектеп және медиасауаттылық» жобасын бастады. Мақсат – елордадағы мектептермен әріптестік байланысты арттыру, мұғалімдер арасында авторлар тарту, журналист болуға ниетті жасөспірімдерді қолдап, шығармашылық қабілетін шыңдау.

Серіктестік басшысы Олжас ­Сыдықбек Абай атындағы №87 мектеп-гимназиясына, «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясына бастап барып, оқытушылармен, оқушылармен кездесті.

Астана қаласындағы 100-ден астам мектептің ішінен Абай мен Мұхтар Әуезов атындағы мектепті бірінші таңдап алудың символикалық мәні бар. Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезов есімі ұлттық сана-сезім мен ақыл-ойдың қайнар көзіне айналды. Біріншісі ақындық өнердің ғаламат құдіретін танытса, екіншісі жазу өнерінің шыңын бағындырды.

Тарихи тұлғалардың есімімен аталатын мектептің ұжымы да, оқушылары да осал болмайтыны анық. Еркін форматта өрбіген кездесуде әлеуметтік медиада ақпарат алмасу мен тарату, қарым-қатынас орнату жолдары туралы ойлар ортаға салынды. Фейк жаңалықтарды нақты фактілер арқылы тексерудің маңызы айтылып, ақпараттық тасқын күшейген тұста пайдалы ақпарат алудың маңызы сөз болды. Қысқасы, журналистер өз тәжірибесімен бөлісті.

Белгілі журналист Еркін Қыдыр күнделікті газет пен кітап оқу дағдысының маңызына тоқталып, елордалық газет ұжымы жасөспірімдерге жазу қабілетін шыңдауға қашанда дайын екенін айтты.

Кездесуді қорытындылаған «Elorda Aqparat» ЖШС бас директоры Олжас Сыдықбек «Ел жүрегі – елорда» атты шығармалар байқауы басталғанын жариялады. Оған 15 қазанға де­йін елордадағы білім ордаларының ­7-11-сынып оқушылары өз шығармасын ұсына алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button