Елорда тынысы

Қала сәні – көкжелек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын дамыту мәселесі жөнінде кеңесте елорданы көгалдандыру мен абаттандыруға ерекше мән беруді тапсырды. Бүгінде осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

– Мердігер компанияларға құрылыс сапасымен бірге қажетті инфрақұрылым – аулаларды абаттандыру және аумақты көгалдандыру міндетін жүктедік. Осылайша биыл қолданысқа берілетін тұрғын үй кешендерінің аумағын көгалдандыру жоспарын қайта қарап, жасыл желектің санын 2,5 есе арттырдық, – деді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.

Биыл қала аумағында 1 миллионнан астам жасыл желек, түрлі көшеттер мен көпжылдық гүлдер отырғызу жоспарланды. Есіл және Ақбұлақ өзені бойындағы саябақтарға жөндеу жұмысы жүргізілді. Оған құрылыс компаниялары да үлес қосады. Биыл жеке құрылыс салушылар өздерінің тұрғын үй кешенінің аумағында 100 мыңнан астам жасыл желек отырғызады.

– Өз тарапымыздан қаланы абаттандыру жұмысын жалғастырамыз. Биыл абаттандырылған аулалар мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) саны 165-тен асады. Мәселен, Қ.Мұңайтпасов, Бейбітшілік бойында жаяу жүргіншілерге арналған променадтар ашылса, «Амман» және «Абылай хан» көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелі жасалды. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерлерін біріктірді. Орталық жағалаудағы тарихи көшелер жаңаруда. «Журналистер аллеясы», Салтанат қақпасы жанындағы алаң және тағы басқасы абаттандырылды, – дейді шаһар басшысы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button