Елорда тынысы

Мектеп жәрмеңкесі шақырады

Биыл Астанада мектеп жәрмеңкесі 12 тамыздан бастап бес жерде жұмыс істейді. Онда отандық тауар өндірушілер өз өнімдерін кеңінен ұсына алады.

Бұл – ата-аналар мен мектеп оқушылары асыған күтетін жылдағы дәстүрлі іс-шара. Арнайы ұйымдастырылып отырғасын көпшілікте сөредегі тауарлардың нарықтан 15-20 пайызға арзан болады деген сенім бар. Сондықтан жәрмеңкеге айдың соңына дейін әр сенбі мен жексенбі күндері тамыз айының 12, 13, 19, 20, 26, 27 жұлдызына дейін баруға болады:

Биылғы мектеп жәрмеңкесі: Нұра ауданындағы цирк; Байқоңыр ауданындағы «Тұлпар» сауда үйі алдында; «Аймақтау» сауда үйі тұрағында; Сарыарқа ауданындағы «Demalys Promenade» аллеясы мен Қосшығұлұлы көшесі, 14; Есіл ауданындағы Ботаникалық бақ тұрағы мен Алматы ауданындағы Абылай хан даңғылы, 20а мекенжайында орналасқан.

Қазіргі уақытта аталған жәрмеңкелерге қатысу үшін «Атамекен» ӨКП-мен бірлесіп отандық тауар өндірушілердің тізбесі пысықталып жатыр, сондай-ақ жергілікті шеберлер мен қолөнершілерге қолдау көрсету мақсатында «Хас шебер» бірлестігін (Зиуар) тарту жоспарланып отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button