Елорда тынысы

Тілсіз жаудың алдын алу

Астананың Алматы ауданында өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту бойынша кеңес өтті.

Ауданда жыл басынан бері 112 өрт тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға аз. Былтыр аудан аумағында 126 жағдай тіркелген.

Мамандардың мәлімдеуінше, өрттің негізгі себебі әлі де отпен жұмыс істеу кезіндегі абайсыздық және электр құрылғыларының дұрыс жұмыс істемеуі болып табылады. Осыған орай, кеңес барысында Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына мониторинг жүргізуді және өрт дабылы автоматты қондырғыларының, түтінге қарсы қорғаныстың және жариялау жүйелерінің жарамдылығын қамтамасыз етуді тапсырды. Өрт сөндіру техникасының көппәтерлі үйлердің аулаларына және басқа да құрылыстарға кедергісіз өтуін қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды.

Жұмыс кездесуінің соңында аудан әкімі тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруды тапсырды.

– Әлеуметтік-профилактикалық жұмыстарды жалғастыру және өрт қауіп­сіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, атап айтқанда, тұрғындарға эвакуацияның негізгі және қосалқы жолдарын бітеуге болмайтынын түсіндіру қажет, – деді М.Саматұлы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button