Елорда - есімі

Чемпиондарға құрмет көрсетілді

Жапонияның астанасы Токиода өткен халықаралық лицензиялық жарыстың жеңімпаздары Севда Әлиева мен Айгүл Балмағамбетованы жерлестері Астана қаласындағы халықаралық әуежайдан күтіп алды.

Арбамен билеуден өткен жарысқа 18 елден 100-ден аса спортшысы келді. Елордалық пара бишілер турнирде табысты өнер көрсетіп, 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

Рухы мықты спортшыларды әуе­жайдан Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен және қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қарсы алып, ілтипат көрсетіп, құттықтады.

Енді елордалық спортшылар Италияда өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Пікір үстеу

Back to top button