Жаңалықтар

Мектепке апаратын жол

Елімізде кешеден бастап «Мектепке жол» акциясы басталды. Бұл ауқымды шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасылар мен ата-ананың қам­қорлығынсыз қалған жеткіншектерге жаңа оқу жылы қарсаңында материалдық көмек көрсетіледі. Биыл шара түрлі бөлімдерге бөлінген. Мәселен, «Бірінші сыныпқа – бірінші рет» деген шара шеңберінде жоғарыда айтып өткен отбасылардың алғаш мектеп табалдырығын аттаған балаларына сыйлық беріледі. Сондай-ақ, «Қа­йырымды жандар» акция­сы ұйымдастырылады. Балаларды мектепке тарту шарасы өткізіледі. Қаладағы №27, 35, 59 білім ордаларында таңғы 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін ата-аналарға арналған қоғамдық қабылдау жұмыс істейді. Осы тамыз шаһарда жаңа оқу жылына арналған мектеп тауарларына арналған жәрмеңке өтеді. Айта кетейік, өткен жылы акция аясында 75,3 млн қаржы жиналып, 6922 балаға көмек көрсетілген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button