Қала тіршілігі

Үлескер үміт үзбейді

Астана әкімдігінде шаһар басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен қала өмірінің өзекті мәселелерін талқылаған кеңес өтті. Онда құрылыс, жылыту маусымына дайындық және үлескерлер жағдайы сөз болды.

Әкім орынбасары Сергей Хорошун тұрғын үй құрылысындағы үлескерлердің мәселелері бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, соңғы аптада ведомствоаралық комиссия отырысында 24 нысан қаралған. Кейбір тұрғын үй құрылыс кооперативтеріне барып кездесулер өткізген. Сондай-ақ, «Азбука жилья» компаниясының проблемасын шешу жұмыстары қолға алынған. «Орда Инжиниринг» ЖШС басқарушы компаниясына «Гарант» тұрғын үй кешені құжаттарының толық жинағы ұсынылып, «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін «Елорда» құрылыс компаниясы» ЖШС пен уәкілетті ұйым шеңберінде шарт жасасты. Аталмыш нысанның құрылысын аяқтау «Грант Успех» мүшелерінің жиналысында анықталады.
Сонымен қатар, ведомствоаралық комиссия аясында «Территория комфорта-1 Астана» тұрғын үй кешені «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға шешім қабылданды. «Елорда құрылыс компаниясы» «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенінің жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге байланысты бірлесіп қызмет жасауға келісімшарт жасау жоспарланды. «Территория комфорта-2» тұрғын үй кешені мен «Мұнар-2» тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау сот шешімімен тұрғын үй құрылыс кооперативтеріне берілді.
Жиында Ішкі істер департаментінің басшысы Марат Қожаев қоғамдық қауіпсіздікке тоқталды. Өткен аптада қала бойынша қылмыс 38,2 пайызға азайған. «Сергек» бейнебақылаудың нәтижесінде бір аптада 14105 құқық бұзушылық тіркеліп, оның 12 мыңы анықталып, 40 млн теңгеден астам айыппұл өндірілген.
Сондай-ақ, қысқы маусымға дайындық барысы да айтылды. Салқын түсісімен көмірге сұраныс артады. Ол үшін тиісті мекемелерге тұрғындарға қысқа да­йындықты ертеден қамдау керек екендігін жеткізу тапсырылды. Қоғамдық көлік мәселесі де назардан тыс қалмады. Өткен аптада көліктік картаны пайдаланушылардың үлесі 90 па­йызға өскен.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button