Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сурет-тілдер---2

Елбасы Н.Ә. Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, барлық іс-қағаздар мен құжаттар мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс. Міне, осы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту бағытында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы жоспарлы жұмыстар атқаруда. Қазір басқармаға қарасты «Руханият»  орталығында тіл оқыту курстары жүйелі ұйымдастырылады. Биыл маусым айында қаланың отыз алты мекемесінен 691 тыңдаушы, 12 этномәдени орталықтан 100 тыңдаушы курсты тәмамдаса, қыркүйек айынан бастап 66 мекемеден 809 тыңдаушы мемлекеттік тілді үйрену курсын одан әрі жалғастыруда.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 12  – 16 қазан аралығында Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлері «КАЗТЕСТ»  жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтті. Тестілеуге Астана қаласы әкімі аппаратынан, Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандары әкімдіктерінен, Экономика және бюджетті жоспарлау, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Құрылыс, Сәулет және қала құрылысы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Денсалық сақтау, Білім басқармалары сияқты  қаланың 27 мекемесінен  600-ден аса мемлекеттік қызметкер қатысты.

Бұған қоса, 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы»  заңның орындалуын бақылау мақсатында 6-26 қазан аралығында медицина мекемелері арасында «Мемлекеттік тілде іс жүргізуші үздік мекеме» байқауын, 12-23 қазан аралығында аралас балабақшалар арасында қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдердің әдістемелік деңгейін арттыру, қазақ тілін оқытудың жаңашыл әдістерін қалыптастыру, ұлттық педагогика қағидаттарын жүзеге асыру мақсатында «Үздік балабақша мұғалімі» байқауын ұйымдастыру жоспарланған.

 Құралай АҚСЕЙІТ,

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы тілдерді дамыту және үйлестіру бөлімінің бас маманы

 

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button