Жаңалықтар

«MEN QAZAQPYN» ШАҚЫРАДЫ

17 шілде күні сағат 14.00-де ЭКСПО аумағындағы «Номад сити» холында «MEN QAZAQPYN» халықаралық телевизиялық жобасының қалалық іріктеу кезеңі өтеді. Байқауда 19 бен 40 жас аралығындағы дәстүрлі әншілер, күйшілер мен термешілер бақ сынай алады.

Республикамыздың және өзге елдердегі қандастарымыз­дың дәстүрлі әнші-термеші, күйшілерінің басын қосып, атадан балаға мирас болып қалған төл өнеріміз – күй, жыр-термені насихаттауды көздейтін «MEN QAZAQPYN» xалықаралық  жобасы биыл екінші рет ұйым­дас­тырылып отыр. Телебайқау аясында ән-күймен қатар өңірдің тарихи-мәдени ескерткіштері, мұражайлары, ел ішіндегі шежірелі абыздар, қарттар, өнерпаздар, қолөнер шеберлері, т.б. туралы түсірілім жасалып, әр облыстың жетістігі де көрсетіледі.
Бүгінде іріктеу кезеңдері барлық өңірлерде өтуде. Өткен жылы «MEN QAZAQPYN» мегажобасына 3 мыңнан астам адам қатысуға өтініш білдірген. Іріктеулер Қытай, Ресей мен Моңғолия жерінде де өтті. Ал Астанадағы турға 57 адам іріктелді.
Қазылар алқасының ше­ші­міне сәйкес, «Үздік әнші» аталымының жеңімпазы Талдықорған қаласының абыройын аспандатқан Бейбіт Мұсаев атанды. «Үздік күйші» аталымында ақтөбелік Ардақ Елеусіз дараланды. «Үздік термеші» аталымын маңғыстаулық Оспан Құлсымақ жеңіп алды. Ал Жамбыл облысының өкілі Сұлужан Әбенова ең көп дауыс жинап, «Көрермен көзайымы» атанды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button