Мәдениет

Мерейлі жас құтты болсын!

 ҚР «Ардагерлер ұйымы» орталық кеңесінің «Құрмет белгісі» иегері, запастағы полиция полковнигі, қалалық Ардагерлер ұйы­мының пленум мүшесі, қоғам қайраткері Кішкентаев Қаршыға Балданұлы мерейлі 75 жасқа толды.

Астана қалалық Ардагерлер ұжымы сізді 75 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды! Сіз бүкіл саналы ғұмырыңызды халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қырағы, сонымен қатар өмірі қауіп-қатерге толы полиция мамандығын таңдап, еліңіз үшін өлшеусіз қызмет еттіңіз. Бойыңызда қалыптасқан талаптылық пен жауапкершілік мінезді ту етіп осы салаға қатысты Мәскеу академиясын бітіріп, өзіңізге бұйырған еңбек баспалдақтарынан өттіңіз. Ел Тәуелсіздігі жария еткен жылдары Қостанай қаласында Ішкі істер министрлігінің Жоғарғы мектебін ұйымдастыруға атсалысып, сол мектептің Академиялық деңгейіне жетуге қажырлы еңбек етіп, жүздеген полиция қызметкерлеріне білім нәрінің биігіне шығуға себепкер болдыңыз.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлес милиция қызметкерлерінің есімі мен ерліктерін ұрпақ жадында мәңгілік сақталып, келешекте де патриоттық тәрбиенің маңыздылығын айшықтайтын ескерткіштің елорда төрінде орын алуға ықпал етіп, ұйытқысы болғаныңызды қалалық Ішкі істер департаментінің Ардагерлер ұйымының басшылық қызметін атқарғандағы үлесіңіз үшін астаналықтардың ризашылығына бөлендіңіз. Бұл мінезіңіз сіздің нағыз қайраткер мен іскерлігіңізді танытатын рухты ата-бабаңыздан дарыған қабілет деп таниды.

Еңбек сіңірген жылдардан соң демалысқа шыққаннан кейін, бұдан әрі  Астана қаласы Ішкі істер департаментінің «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің жұмысына қосылып, онда ардагерлер қозғалысын жандандыру жұмысында өз заң тәжірибеңізді уақытылы қолдандыңыз.

Бүгінгі таңда қоғам жұмысын өзіңіздің борышыңыз деп санап, Астана қалалық Ішкі істер Ардагерлері кеңесінде қаланың қоғамдық саяси ахуалының жақсаруына белсенділігіңізді арттырып бір кісідей үлес қосып жүрсіз.

Сіздің еңбек өмірбаяныңыз мемлекеттік және қоғамдық институтпен тығыз байланысты. Сіз әрқашан ардагерлердің мүдделерін қорғау мен құқықтық қолдауда парыз бен абыроймен тұрасыз. Біз сізді сол үшін бағалаймыз, ризашылығымызды білдіреміз.

Құрметті Қаршыға Балданұлы! Осындай ерен еңбектің ардагері сізге деген алғысымыз шексіз! Астана қалалық Ардагерлер кеңесі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды, денсаулық пен ұзақ өмір, рухтық көтеріңкі көңіл-күйі мен ардақты ардагерлік жұмыста табыс тілейміз!

Немере-шөберелеріңіздің жетістігіне бөленіп, отбасыңыздың, жақындарыңыз­дың және достарыңыздың ортасында бақытты болыңыз!

Зор денсаулық, жанұяңызға мейірім, қуат, бақ-береке тілейміз!

Астана қалалық Ардагерлер кеңесінің төралқасы        

                                                              

 Райхан РАХМЕТОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button