Жаңалықтар

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАДЫ

icon__zan_20_jyil__4f5f2e27c4820e8bad2acc19f80d5084

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің дамуына және Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға сүбелі үлес қосқан елорданың 400 тұрғыны «Қазақстан Конституциясына – 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Ата Заң мерекесінің қарсаңында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков бір топ ардагерлер мен қоғам қайраткерлерін, мемлекеттік қызметкерлерді мерекемен құттықтап, оларға медальдерді табыстады.

– Конституция – барлығымызды біріктіруші, халықтың ынтымақтастығын нығайтушы  негізге күшке айналды. Баршаңыз да мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқыларын қорғауға және Астананың дамуына үлкен үлес қостыңыз. Мемлекет басшысының және өзімнің атымнан барлықтарыңызды Конституцияның 20 жылдығымен шын жүректен құттықтап, сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін! – деді қала әкімі.

Марапатталғандардың арасында Астана қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Сыздықов, Сапар Мұстафин, Моисей Гольдберг, т.б. қадірменді қариялар бар. Сондай-ақ, бұл қатардан қала әкімінің орынбасарлары Сергей Хорошун, Ермек Аманшаев, Қосман Айтмұхамбетов, Андрей Лукин, қалалық мәслихат хатшысы Сансызбай Есілов, Сарыарқа, Алматы, Есіл аудандарының әкімдері – Ермағанбет Бөлекбаев, Бекбол Сағын және Сәбила Мұстафина табылды.

Мемлекеттік қызметкерлердің атынан сөз алған С.Есілов Конституция қағидаттарын орнықтырудағы Елбасының еңбегін атап өтіп, Астана әкімі Ә.Жақсыбековтің өзінің де еңбегі Мемлекет басшысының тарапынан еленгенін айтып, қала басшысына мерейтойлық медальді табыстады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button