Қала мен Сала

МИБ-ке өту оңай ма?

Нұр-Сұлтанда 3097 көппәтерлі тұрғын үй кешені (КПТҮ) бар, оның ішінде 2859 КПТҮ МИБ-ке көшуге жатады.

[smartslider3 slider=1329]

Бүгінгі таңда 1657 КПТҮ басқарудың жаңа нысандарына көшті. Әкімшілік және құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асыратын МИБ орталығы құрылды. Орталық ай сайын 350-ге жуық меншік иесіне КПТҮ басқару мәселелері бо­йынша кеңес береді. КПТҮ тұрғындарымен тұрақты түрде жиналыс өткізіледі, үйлерді аралау жүзеге асырылады. Қабылданған шараларға қарамастан, МИБ-тің құрылуына кедергі келтіретін бірқатар проблема бар. Бірінші, 2-5 көпқабатты үйлердің МИБ-ке көшкенде жеке шот ашу барысында техникалық қызмет көрсетуде қаражаттың өсуіне әкеледі. Айта кетейік, елордада 500 КПТҮ орналасқан (5 қабатты үй, пәтерлер саны 80-100), қызмет көрсету тарифі орта есеппен 35-45 теңгені құрайды. Сонымен қатар осы типтегі үйлерде инженерлік жүйелердің, шатырдың, қасбеттің тозатынын айтып өткен жөн. МИБ-тер жаңа заңды тұлғалар ретінде құрылады және күрделі жұмыс түрлеріне қаражат жинауға мүмкіндігі болмайды. Алғашқы күннен бастап үйді қалпына келтіру жұмыстарына кірісу қиындық тудырады. Екінші, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңда кондоминиум объектісін басқару нысандарының ЖШС, ПИК, ЖК, ҚБ, ТҚК және т. б. өкілдері өкілеттіктерін жаңадан құрылған МИБ-ке беруде жауапкершілік шарасы қарастырылмаған. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілмеген басқарудың бұрынғы нысандарының басшылары МИБ-тің қыз­метіне жасанды түрде кедергі келтіреді, бұл ұзақ сот процестеріне және қаржылық шығындарға әкеледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button