Жаңалықтар

Көк туды желбіретті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әскери-­әуе күштері армия авиациясының жауынгерлік тікұшақтары көк аспанда тәуелсіз еліміздің символы – Мемлекеттік туды қалықтатып алып ұшты. Осылайша, ең үздік ұшқыштар экипаждары «Менің Туым – менің Отаным» акциясына қатысты.

[smartslider3 slider=1327]

Ұшқыш-мергендер – ӘӘК армия авиа­циясының бастығы, полковник Нұрлан Байдуллаев, авиация базасының командирі, полковник Мақсұтбек Әділбаев Ми-171Ш тікұшағымен елорда аспанында Қазақстанның Мемлекеттік туын қалықтатып алып ұшты. Бұл көріністі орындауда олармен тәжірибелі ұшқыштар мен штурмандар басқарған Ми-17 бұрамалы қанатты тікұшақтар әуеде ілесіп ұшты.

«Ту – әр мемлекеттің басты символдарының бірі, елдің егемендігі мен біртұтастығының белгісі. Қазақстан халқы үшін маңызды мереке – Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында оқу-жаттығу ұшуларын орындау арқылы акцияға қатысуды жөн көрдік» деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, полковник Нұрболат Топаев.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button