Басты ақпарат

Ел тарихындағы маңызды күн

Астананы көшіру туралы шешім 1994 жылы жарияланды. 1997 жылғы 10 желтоқсан – ресми түрде астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру күні болды. Қысқа мерзім ішінде ол әлемдік маңызы бар қалаға айналды. 1999 жылы ЮНЕСКО шешіміне сәйкес Бейбітшілік қаласы сыйлығына ие болды. Бүгінде қала Қазақстан тәуелсіздігінің символына айналды.  Кеше ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және еліміздің жаңа астанасының жариялануының естелік күніне орайластырылған елорданың алғашқы құрылысшыларымен кездесу өтті.

[smartslider3 slider=1328]

 

Шара барысында қала әкімі Алтай Көлгінов барлық қатысушыларды құттықтап, қаланың құрылысы мен дамуына қатысқан тұлғаларға алғысын білдірді.  Кездесуге елорданың көрнекті қайраткерлері Жәнібек Кәрібжанов, Светлана Жалмағамбетова, Төлеген Мұхамеджанов, Сансызбай Есілов, Серік Рустамбеков, Фарит Галимов, Анатолий Ченцов, Александр Литвинов, Баир Досмағамбетов, Болат Қуанышев, Қайсар Омаров, Ахметолла Шәкіров, Сергей Фомичев, Николай Мещеряков қатысты. Қала әкімінің алғашқы орынбасарларының бірі Сансызбай Есілов шарада:

– Бүгін айтулы оқиға – қаламыздың Қазақстан Республикасының елордасы болып жарияланған күні. Кеше сияқты сезім. Бүгін біз тағы да барлығымен, қаланың алғашқы әкімінің командасында болған алғашқы құрылысшылармен кездестік. Бүгінгі кездесу біз үшін өте жағымды. Осы іс-шараны ұйымдастырушыға алғысымды білдіргім келеді. 24 жыл ішінде қала көз алдымызда өзгерді. Бүгінгі таңда бұл керемет, жарқын, жайлы қала. Сондықтан біз оны тек мақтан тұтамыз, – деді.

Ал 2002-2006 жылдары Астана әкімінің орынбасары болған Сергей Фомичевтің айтуынша, 10 желтоқсан – бұл тарихи күн және қазіргі уақытта өмір сүріп жатқан көптеген адамдар үшін бұл күн соншалықты есте қалмайды, бірақ жылдар өтеді және бұл Қазақстан азаматтары үшін ең есте қаларлық күн болады.

Мұражайға кіреберісте ұлттық идеяны, құндылықты, халқымыздың әл-ауқатын, Қоғамдық келісім мен болашаққа деген сенімді бейнелейтін Мәңгілік ел композициясы орнатылды. Осы композиция аясында елорданың алғашқы құрылысшылары мерекелік естелік суретке түсті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button