Жаңалықтар

МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚҰРЫЛҒЫ

invalid

Назарбаев университетінің студенттері мүгедектерге арналған мобильді қосымша жасауда.

Назарбаев университетінің төрт студенті – Айбек Рысқалиев, Айсұлу Измаилова, Әлфия Құлмұханова және Ақжарқын Ізбасарова студенттер арасында тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша Үндістанның Керала штатында жүр. Алты аптаға созылатын мерзім ішінде олар Халықаралық еркін және ашық бағдарламалық қамту орталығында (Тhe International Centre for Free and Open Source Software (ICFOSS) тәжірибе алады.

«Бірнеше күннен кейін біз мобильді қосымшаның әзірлемесін аяқтаймыз» дейді Айсұлу. Студент­тердің айтуынша, олардың қосым­шасы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Белдікке тағылатын құрылғы смартфон арқылы жұмыс істейді. Қосымша құрылғыдағы камера көмегімен адамның алдындағы барлық нәрселерді салыстырып оқып, оның жолындағы кедергілер туралы сигнал береді. Пайдаланушы қандай да бір қауіптің немесе кедергінің барын сигнал дыбысының өзгеруіне қарап біле алады.

Айбек Рысқалиев мобильді қосым­шаның одан әрі жетілдіріп, дамытатынына сенімді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button