Білім

Мұғалімдерді ҰБТ-дан босатыңызшы!

Сәрсенбі күні Мәжілістің жалпы отырысында бір топ депутат Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына сауал жолдап, мұғалімдерді ҰБТ-ны ұйымдастыру жұмысынан босатуды сұрады.

Халық қалаулыларының пікірінше, Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерді іс жүзінде міндеттелмеген жұмыс­тарға жегіп отыр.
ҰБТ-ның қазіргі форматында жоғары оқу орындарына түсер кезде абитуриенттердің білім сапасын ерікті бағалау­дың жаңа тәртібі ұсынылған. Соған қарамастан, өтініш беруге, қажетті құжаттарды жинауға, оны ҰБТ өтетін жерге тапсыруға, сондай-ақ абитуриенттің емтиханға келуіне мектеп мұғалімдері жауапты. «15 маусымда барлық мектептерде қорытынды аттестаттау аяқталады, түлектер аттестатын алады. Сол сәттен бастап абитуриент ҰБТ-ға қатысу үшін жинаған құжаттарын мектепте емес, ҰБТ өтетін жерге апаруға тиісті. Мұғалімдер емтихан тапсыратын жерге абитуриенттерді ертіп апаруға міндетті емес» делінген депутаттық сауалда.
Мәжілісшілер Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің мұғалімдерді өзіне міндеттелмеген жұмыстан босату туралы бірнеше рет мәлімдеме жасағанымен, өз бұйрығымен оған қарсы келетінін жеткізді. Осыған орай, олар Бақытжан Сағынтаевтан мәселеге тікелей араласып, Ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеуді өткізу ережелерінің 1 тармағын алып тастауды ұсынды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button