Жаңалықтар

Мұз айдынын сыйға тартты

Нұр-Сұлтандағы №79 мектеп-лицейдің жанынан мұз айдыны ашылып, балалардың игілігіне берілді.Ауданы 1552,2 шаршы метрді құрайтын мұз айдынын атал­ған білім мекемесіндегі Қам­қоршылық кеңес пен Әкелер кеңе­сінің мүшесі Азамат Ермұхамедов салғызыпты. Құрылыс саласындағы кәсіпкердің өзі де осы мектептің түлегі екен.
– Мұз айдынын салудың еш қиындығы жоқ. Бала күнімізде бәріміз де мұны жасадық. Бар керегі – сүйреткі, шланг, өрт сөндіру гидранты ғана. Бұл жұмысқа 5-7 күндей уақытымыз кетті. Негізі Тәуелсіздік күніне қарай ашамыз деп жоспарлаған едік. Күн жылып кетіп, сәл кеш аяқтадық. Мұз айдыны үшін 30 жұп коньки сыйға тарттық. Енді наурыз айына дейін балалардың іші пыспайтын болар. Қар кеткен соң, айдынды теннис корты немесе ролик тебетін алаңқай ретінде пайдалануға болады, – дейді ол.Мұз айдынының ашылуы барысында «Барыс» хоккей клубының хоккейшілері өнер көрсетіп, мектеп оқушылары флешмоб жасады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button