Жаңалықтар

Нұртуған нақылдары

Қазақ ұлттық өнер университетінде Сыр бойында өткен ақын, жыршы Нұртуған Кенжеғұлұлының туғанына 130 жыл толуына арналған «Қызыл тіл, орның келді сен сөйлемек» атты концерт өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Елмұра Жаңабергеннің шәкірттері қойған бұл концертке «Сырлы саз» ансамблі қонақ болып қатысты.

Өнер Нұртуғанның бойына қан, тек арқылы дарыды десек, артық болмас. Оның атасы Еспембет суырыпсалма ақын, әкесі Кенжеғұл шебер күйші, анасы Айсұлу шежіреші болған. Нұртуғанның өзі 13-15 жасынан өлең жаза бастаған. Алғашқы туындысы «Едіге» деп аталады. Жалпы Нұртуған құлашы кең эпик ақын еді. Қаламынан кейіннен «Мәулімнияз – Едіге», «Орақ – Мамай», «Қарасай – Қази», «Қобыланды», «Ақ Кете Шернияз», «Ақтабан шұбырынды», т.б. ірі эпикалық жырлар туды.
Көріпкелдік, алдағыны болжағыштық қасиеті қонған Нұртуғанның тағы бір ерекшелігі, ол дидактикалық бағытта көптеген терме-толғауларды артына қалдырды. Олар «Қанекей, тілім сөйлеші», «Адалдыққа не жетсін?», «Арғымақ сұлу көрінбес», «Адаспайды ақылды», «Әуелі сөйле, жаппар хақтан», «Болады ер бағына өнер серік» болып аталып кете береді. Нұртуған Сыр өңірінде өзінің жыршылық мектебін қалыптас­тырды. Кеш көрермендері осы аттары аталған жыр-термелердің біразын тыңдап, демалып қалды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button