Жаңалықтар

ОҢТҮСТІК ӨҢІРДЕН – 150 000 АДАМ

Халқымыздың ең көп шоғырланған аумағы Оңтүстік Қазақстаннан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне 150 мыңға жуық көрермен келеді.

05

Астанаға оңтүстіктен табан тірейтін туристердің басым көпшілігі мектеп оқушылары екен. 3750 балаға қоса, көрмеге 139 мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарды қатыстыру жоспарланып отыр.
− Облыстан баратын азаматтардың саны белгілі. Оларды тасымалдау жағы қарастырылған. Қазіргі уақытта елордадағы жоғары оқу орындарының жатақханаларынан орын алып қойдық. Көрмеге баратындардың 15 пайызы ұшақпен, ал қалған 110 мың 200 азамат пойызбен жетеді, – деді Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустрия­лық-инновациялық даму және туризм басқармасының бөлім басшысы Перизат Қонысбаева.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асқар Қаныбековтің айтуынша, көрмеге оңтүстіктен 12 976 тонна ауылшаруашылық өнімдері жөнелтіледі. Астана мен Ақмола облысының бау-бақша өнімдеріне деген қажеттілігін ескере отырып, 37 ірі және орта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз керуенін аттандырмақ. Азық-түлік тауарлары 25 жүк және мұздатқышы бар арнайы көліктермен жеткізілмек.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button