Жаңалықтар

Өртке қарсы оқу-жаттығу өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Магнум» сауда орталығы базасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шарасы өтті.

[smartslider3 slider=1094]

Тілсіз жаудан аяқ астынан зардап шегетіндер аз емес. Сондықтан мұндай оқу-тактикалық жаттығулардың жиі өткізіліп тұруы кім-кім үшін де тиімді екені сөзсіз. Шаһардың көрнекті жерінде орналасқан 68 мың шаршы метрден аса аумағы бар сауда орнына күніне 1500-2000 адам келетін көрінеді. Міне, осы адамдарға өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережесін сақтауды, кенеттен өрт шыға қалса үрейге берілмей, әркім өзін қалай ұстап, қалай құтқару керектігі көрсетілді.

– Оқу-жаттығуға аудандағы екі өрт сөндіру мекемесі қатысты. Сонымен қатар 4 техника, 17 адам күші жұмылдырылды, – деді Байқоңыр ауданы әкімінің кеңесшісі Оңдархан Сейітхан. Жыл басынан бері осындай 90-ға тарта тактикалық оқу-жаттығу өткізіліпті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button