Саясат

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

erm_4071-2-asli

Елордалық ардагерлер қозғалысының белсенді өкілдерінің қатысуымен алқалы жиын өтті. Бұл басқосуға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаев қатысты.

Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов баяндама жасап, атқарылған жұмыстар барысына тоқталды. «Біздер аға ұрпақтың маңдай тері мен еселі еңбегін жоққа шығаратындардың қатарынан емеспіз. Сол себепті де, ардагерлеріміз қариясын қазынаға теңеген қоғамның құрметіне бөленіп отыр» деп сөзін бастады баяндамашы.
Жалпы алғанда, тұрғындардың орташа өмір сүру жасы бүгінде жетпіс екі жасқа жетіп отыр. Бұл – еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалының ілгері озғандығының да белгісі. Ардагерлердің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қоғам өміріне тартуға әрқашан қолдау көрсетілуде. Қала бойынша 338 бастауыш ұйымға бірігіп отырған ардагерлер жас ұрпақты биік рухта тәрбиелеуде көп міндеттерді мо­йнына алған. Өткен жылы 360 қоғамдық-мәдени шаралар өткізіліп, алты мыңға тарта зейнеткер тартылған.
Соңғы он жыл ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 320 пәтер, тыл және еңбек ардагерлеріне 136 пәтер берілген. Демеушілердің көмегімен ардагерлер тұратын 164 пәтер күрделі жөндеуден өткізілген. Зейнеткерлерге қоғамдық көліктерде тегін жүруге жағдай жасалған. Жергілікті атқару органдарының әлеуметтік-медициналық қолдау көрсету бағдарламалары бо­йынша да жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы астаналық 5000 зейнеткерге коммуналды төлемдерді төлеуге жеңілдік қарастырылып, осыншама қарттарға азық-түліктей көмек көрсетілген. 700-ге тарта зейнеткер мерзімді баспасөзге тегін жазылып отыр. Өткен жылы Қарттар күніне орайлас­тырылып, қала бюджетінен 72 036 зейнеткерге бір мезгілдік 5 мың теңге бөлінген.

Айгүл УАЙСОВА,
«Астана ақшамы»

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button