Жаңалықтар

Қайта тестілеу өтеді

ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес шекті балды алмаған, нәтижелері жойылған түлектер және аталған сынаққа қатыспағандарға жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін алдағы 15-19 тамыз аралығында қайта ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу өтеді. Қазір жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясында талапкер өтінішін қабылдау басталды, ол 3 тамызға дейін жалғасады.

Бұл тестілеу оқуға түсуші­лердің қалауымен қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде Қазақ­стан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша өткізіледі. Ал қайта ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеуді ағылшын тілінде тапсырушылар «Қазақстан тарихы» пәнін қазақ немесе орыс тілінде жауап бере алады.
ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Қуанышбек Мәліковтің айтуынша, қайта ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу тапсыратын талапкерлер білім грантына үміткер бола алмайды. Бұл тес­тілеуді тапсыру ақылы түрде жүзеге асады. Оған қатысу үшін 2242 теңге төлейсіз.
Сондай-ақ, жеделдетілген оқу мер­зімімен қысқартылған білім беру бағ­дарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсу үшін колледж түлектері тестілеуді өз еркімен қазақ немесе орыс тілінде жалпы бейіндік және бейіндік пәндер бойынша тапсырады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button