Жаңалықтар

Қайырымдылық шара өтті

Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордалық Достық үйінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, қаладағы мұқтаж жандарға 56 азық-түлік себеті таратылды.

[smartslider3 slider=1213]

Атап айтқанда, азық-түлік себеттерін жалғызбасты аналар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар алды. Бір себетке жарма, шай, макарон, күнбағыс майы және т. б. күнделікті ең қажет тағамдар салынды.

«Қазақстан халқы ассамблея­сы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған кезекті қайырымдылық акциясын өткізді. Бұл – тұрақты өткізіліп тұратын қайырымдылық шарасы. Оның аясында 56 отбасы 480 мың теңгеге азық-түлік себетін алды. Айта кету керек, өткен жылы елордалық ассамблея 50 млн теңгеден аса қайырымдылық көмегін көрсетсе, бүгінгі таңда 35 млн теңгенің көмегі ұсынылды» деді Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова.

Оның айтуынша, Достық үйінің қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы әр бірлестіктен көмекке мұқтаж адамдар туралы барлық мәліметтерді жинайды.

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button