Жаңалықтар

Мерекеде туғандар марапатталды

Әкімдік өкілдері елордада осымен оныншы рет 1 желтоқсанда туған сәбилердің аналарын құттықтады. Қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов пен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов құттықтауды №2 көпбейінді қалалық аурухананың акушерлік блогынан бастады.

[smartslider3 slider=1212]

Қалалық ауруханалардың акушерлік блогында 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні барлығы 27 сәби дүниеге келді. Оның 16-сы – қыз, 11-і – ұл. Бақытты аналарға қала әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хаттар және нәрестелерге арналған комбинезон түріндегі сыйлықтар табыс етілді.

«Сіздерді сәбидің дүниеге келуімен және 1 желтоқсан мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін – сіздер үшін қос мереке. Сіздерге және балаларыңызға зор денсаулық, бақыт пен отбасыңызға амандық тілеймін. Бүгінгі туған сәбилер еліміздің бетке ұстар азаматтары болсын!» деп құттықтады әкім орынбасары А.Оралов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button