Sport

Қар қамалындағы «шайқас»

Ботаникалық бақтағы мұз қалашығының қызығы таусылар емес. Демалыс күндері осы маңнан табылғандар қардан тұрғызылған қамал мен темір сауыт асынған батыр­ларға кез келіп, «Тақтар ойынын» тірідей көргендей күй кешті.

Екі күн бойы саябақта тарихи ортағасырлық жекпе-жек бойынша жаппай көрсетілімдер өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған бұл іс-шараға Қазақстан, Ресей, Қазақстан және Өзбекстан елдерінің спортшылары қатысты.
Қала тұрғындары батырлардың өнерін тамашалап қана қоймай, өздері де қолдарына қылыш алып, «жаумен шайқасып», қар бекінісіне шабуыл жасады. Есіл ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлан Омаров жұмсақ қару ұстаған жұрттың бейбіт «шайқасы» өткенге саяхат болып, тыныш заманның бағасын көрсеткенін айтты.
Бұл бұқаралық жекпе-жек шарасын Есіл ауданы әкімдігі мен «Temirtumen» клубы ұйымдастырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button