Жаңалықтар

Астана тәжірибесі Киевте таралады

 «Астана Innovations» компаниясы жақын арада «ақылды» қаланы дамыту тәжірибесін Киев қаласының әкімшілігімен бөліседі.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының Facebook парақшасындағы мәліметі бойынша украиналық тарап «Сергек» интеллектуалды бейнебақылау жүйесіне қызығушылық танытып отыр.
Kiev Smart City жобасының үйлестірушісі Юрий Назаров «Бізге Астанадағы бейнебақылау жүйесі қатты ұнады. Бұл биыл біздің назарымызда болады. Оны жүзеге асыруда Астананың тәжірибесі өте ма­ңызды» деп пікір білдірген.
Елордада «Сергек» пайда болғалы жол-көлік оқиғаларының кесірінен болатын ­өлім-жітім көрсеткіші едәуір қысқарып, қала аулаларындағы қылмыс саны да екі есе азайған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button