Жаңалықтар

Қатаң бақылауда болады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі елордадағы проблемалы құрылыс нысандарын аралауды тұрақты жалғастырып келеді. Өткен демалыс күндері таңғы және кешкілік аралау кезінде «Жағалау-3» және «Территория Комфорта-2» тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездесті.

«Жағалау-3» тұрғын үй кешенінде бүгінде жұмыс қызу жүріп жатыр. Терезелер орнатылды және ішкі инженерлік желілер жүргізілген. Ғимараттың қасбетін нығайту, кіреберіс­терде плиткалар орнату жұмыстары жалғасуда. Алайда қала басшысы құрылыстың қарқыны әлі де әлсіз, құрылыс аумағындағы жұмысшылар санын арттыру қажеттігін айтты. «Территория Комфорта-2» тұрғын үй кешені 2004 жылы тұрғызыла бастаған. Әкімнің бұрынғы аралау барысында тұрғындар асфальт төсеу­ді сұраған болатын. Бүгінде үйге техникалық тексеру жүргізілген және жол бөлігі асфальтталды. Қазір ғимараттың қасбетін нығайту және паркингтің құрылымын нығайту жұмыстары жүргізілетін болады.
Сонымен қатар қала басшысы «Қорғалжын кварталы» ТК болып, мұндағы проблема бұрын бұл үйдің құжаты дұрыс болмаған, құрылыс жүргізу жұмысында заңдылықтар сақталмаған. Енді бұл нысанды «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында «ЕКК» ЖШС жүргізетін болады.
Жалпы, қалада 51 (76 үй) проблемалық тұрғын кешені бар. Жыл соңына дейін 10 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі. Құрылыс барысын Nur Otan және мәслихат депутаттары бақылайды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button